Алматы прокурорлары кезекті инвесторға көмек көрсетті
йАлматы қаласында кәсіпорындар үшін өндірістік алаңдар құру бойынша "Aldiyar system" ЖШС инвестициялық жобасы іске асырылуда.
Инвестицияның жалпы құны шамамен 640 млн теңгені құрайды, оны іске асыру 20-дан астам жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Алайда Алматы қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасы инвесторға нысанның құрылысына сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тартқан (уәкілетті орган, қолданыстағы заңнамада қарастырылмаған келісу парағы — құжатын талап еткен).
Алматы қаласы Түрксіб ауданының прокуратурасы әкімдікке қадағалау актісін енгізу жолымен уәкілетті орган тарапынан болған заңсыз әрекеттерінің жолына тосқауыл қойды.
"Қазіргі уақытта "Aldiyar system" ЖШС рұқсат құжаттарын алып, инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті." Алматы қаласының прокуратурасы
Егер Сіз инвестор болсаңыз және жобаңызды іске асыруда проблемалар туындаса, онда Сіз прокуратура қызметкерімен байланысып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнінде Call-орталығы арқылы (байланыс нөмірі +77017755500 немесе QR-код) немесе Алматы қаласы прокуратурасының Фронт-офисінен (Желтоқсан көшесі, 189) құқықтық кеңес ала аласыз.