12 тамыздағы саудада доллар қымбаттады
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы алдыңғы сессиямен салыстырғанда 1,73 теңгеге қымбаттап, 479,03 теңгені құрады.
Қытай юанінің бағамы 66,58 теңгеге дейін көтерілді (+0,13).
Ақша айырбастау орындарында доллар 478,5-480,5 теңгеге, еуро 522,5-525 теңгеге, ресей рублі 5,29-5,39 теңгеге сатылуда.
Бұл ретте 12 тамыздағы аукционда мұнайдың әлемдік бағасы көтерілді.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent фьючерстерінің құны 0,63%-ға өсіп, барреліне $80,16 құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнай фьючерстері барреліне 0,90%-ға өсіп, 77,53 долларды құрады.
Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 477,04 теңге, еуроны 520,78 теңге, рубльді 5,37 теңге деп белгіледі.