Алматыда жасыл желектерді өңдеудің келесі кезеңі басталады
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жыл сайын Экология және қоршаған орта басқармасы биологиялық өңдеуді төрт кезеңде жүргізеді. Алғашқы үш кезең осы жылдың мамырынан шілдесіне дейін өтті. Төртінші кезең бір айға созылады, күн ашық кезде өңделеді.
Ағаштың жағдайын жақсарту, сақтау және әртүрлі зиянды организмге төзімділігін арттыру үшін Алматы қаласында жасыл желектерді биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жақсы әсер ету және тиімділікті арттыру үшін бұл түнгі уақытта, жауын-шашын жоқ кезде сағат 23:00-ден 05:00-ге дейін жүргізіледі.
"Бұл жұмысқа климаттық факторды ескере отырып, ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамға, құс пен жануарға зиянсыз, қаупі аз сертификатталған биологиялық және кейбір жағдайда химиялық препараттар (П-4) пайдаланылады." Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы
Жалпы, жапырақ жейтін зиянкестер мен саңырауқұлақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы 2,3 миллионнан астам ағаш өңдеу жоспарланған. Зиянкестер мен аурулардың биологиясының ерекшеліктеріне сүйене отырып, өңдеу түнде және таңғы уақытта жүргізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript