Алматыда Сәбит Мұқанов атындағы саябақ абаттандырылды
Төле би мен Мұқанов көшелерінің қиылысындағы жайлы әрі шағын скверде жаңа балалар ойын алаңы, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды, сыртқы жарықтандыру жаңғыртылып, жаңа көгалдарға автоматты суару жүйесі тартылды, жаяу жүргіншілер аймақтары жаңарды.
Сквер соңғы рет 2016 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жөнделген.
Ескерткіштің жанындағы басты аллеядағы абаттандырылған скверде "Сәбит Мұқанов — сөз және қалам шебері" атты кітап көрмесінің тұсауы кесілді. Жазушы жайлы сөз зергері, ғалымдар мен мәдениеттанушылар әңгімеледі.
Іс-шараны "Зейін" шығармашылық мектебінің тәрбиеленушілері музыкамен сүйемелдеп, қолдады. Ал Алмалы ауданының "Шыңға өрле, биікке самға" әлеуметтік клубының оқушылары атақты жазушының біздің сүйікті Алматы қаласына арнаған өлеңдерін оқыды.
2024 жылы "ХҚБ" бағдарламасы аясында Алмалы ауданында 12 қоғамдық кеңістік жаңартылуда. Олардың ішінде жаяу жүргіншілер аймақтары, скверлер және жасыл аймақтар бар. "ХҚБ" бағдарламасы аясында барлығы 52 жоба жүзеге асырылуда. Бұл мақсат үшін Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл осы бағдарлама бойынша қаржыландыру 2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.