Алматы полициясы түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрген жасөспірімдерді анықтады

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2024 14:20 Сурет: pixabay
Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы полиция қызметкерлері дейд жүргізді.

ҚР көші-қон заңнамасын бұзушылықтарды анықтау, азаматтарды тұрғылықты жері бойынша есепке алу, абаттандыру ережелері, қоғамдық орындарды ластау, тыныштықты бұзу деректері, мүліктік қылмыстар және тағы да басқа құқық бұзушылықтар анықталды.


"Бұл іс-шара ең алдымен, қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесуге, қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ "мүлдем төзбеушілік" қағидатын нығайтуға бағытталған. Осындай рейдтер барлық жерде жүргізіледі. Полицейлердің үйлесімді жұмысы – азаматтарымыздың тыныштығының кепілі", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әділбек Қозыбаеков.

Бір ғана іс-шараның өзінде полицейлер 50-ден астам құқық бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген 10 кәмелетке толмаған анықталды.

Олардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы және ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: