Қазақстан полицейлері ерекше көлікке көшті
Сурет:Telegram/POLICE_of_KZ
ҚР ІІМ 15 тамызда ШҚО полицейлері пайдаланып жүрген ерекше көлікті көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Белгілі болғандай, жаңа көлік патрульдік қызметте пайдаланылады.
"Тәртіп сақшылары Өскемендегі жағалау аумағын және облыс орталығының саябақтарында патрульдеу үшін қос дөңгелекті электрлі құрылғыларды игерді",- делінген хабарламада.
Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Полиция департаментінде барлығы осындай төрт скутер бар. Оннан астам полиция қызметкері жүргізу курстарынан өтіп үлгерді және патрульдік қызмет көрсетуге дайын.
"Батарея қуатымен жұмыс істейтін Segway полицияға арналған StreetSmart мүмкіндіктерімен, соның ішінде сирена және жыпылықтайтын шамдармен жабдықталған". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Айта кетейік, Гироскутерлер патрульдік қызметте және көліктер өте алмайтын саябақ аумақтарында, аллеялар мен алаңдарда тәртіп бұзушылықтардың алдын алу үшін пайдаланылады.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі электросамокат міну ережелерін еске салды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript