Астанада қоғамдық көліктер екі аялдамаға уақытша тоқтамайды

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыттары мен аялдама орындары уақытша өзгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 тамызда қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы Тұран даңғылындағы "Хан-Шатыр" сауда орталығы мен Сығанақ көшесіндегі "Құлагер" тұрғын үй кешеніне автобустар уақытша тоқтамайтынын хабарлады.
"Тұран данғ. "Хан Шатыр СОО" аялдамасына өтетін жол жабық. Осыған байланысты №№ 26, 29, 29А, 32, 46, 50, 53, 55Б, 56, 66, 201 бағдарлар аталған аялдамада жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді", - делінген хабарламада.

Сурет: instagram.com/cts_kz
Сонымен қатар Сығанақ к. "Кұлагер ТҮК" аялдамасына өтетін жол да жабық. Осыған байланысты №№ 29, 29А, 42, 49, 61, 63, 202 бағдарлар аталған аялдамада жолаушыларды уақытша отырғызып не түсірмейді.

Сурет: instagram.com/cts_kz
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript