Астанада қоғамдық көліктер кейбір аялдамаларға тоқтамайтын болды

Автобус, Астана, аялдама, жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 17:21 Сурет: Zakon.kz
Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты жол учаскелері жабылып, бірнеше аялдама бос тұруға мәжбүр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігі жолдың жабық болуына байланысты қоғамдық көліктер Конституция көшесі бойындағы "Бахус СО" аялдамасына тоқтамайтынын хабарлайды.

"Осыған байланысты №№ 5, 5А, 6, 20, 33, 72 бағдарлар аталған аялдамада жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді", деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Аялдама, автобус, Астана, жол жөндеу жұмыстары, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 17:21

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Сондай-ақ Сығанақ көшесі бойындағы "Шығыс ТҮК", "Мечта СО", "Құлагер ТҮК" аялдамаларына да автобустар тоқтай алмайды. Осыған байланысты №№ 17, 29, 29А, 42, 44, 49, 56, 61, 63, 202 бағдарлары аталған аялдамаларда жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді.

Сурет: Астана қаласының әкімдігі

Бұған дейін Астанада жеті автобустың қозғалыс бағытына уақытша өзгеріс енгізілгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: