Алматыдағы бір көшенің бөлігіне біржақты қозғалыс енгізіледі
Сурет: unsplash
Алматыда көшелердің бірінің бөлігінде біржақты қозғалыс енгізілуде. Бұл туралы 2024 жылдың 21 тамызында оңтүстік астана әкімдігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматыда көлік ағынының өткізу қабілетін арттыру және шиеленіс нүктелерін болдырмау мақсатында Прокофьев көшесінің бір бөлігіне біржақты қозғалыс енгізіледі.
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қалалық мобильділік басқармасының хабарлауынша, 23 тамыздан бастап жол қозғалысы сызбасына эксперименталды түрде өзгеріс енгізіліп, Қарасай батыр көшесінен Есенжанов көшесіне дейінгі бөлікте оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады.
Аталған учаскеде тиісті жол белгілері орнатылады.
Айта кететін нәрсе, өзгеріс осы аудан тұрғындарының өтініші негізінде және Әкімшілік полиция басқармасымен келісімі бойынша енгізілмек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript