Прокурорлар инвесторға рұқсат құжаттарын алуға көмектесті
Сурет: freepik
Алматы қаласы Жетісу ауданының прокуратурасына "Severpark" ЖШС инвесторы жүгінді, ол индустриялық аймақта 600 млн теңге сомасына қойма құрылысының инвестициялық жобасын жүзеге асыруда.
Жүгіну себебі — "Qazaqgaz Aimaq" АҚ-ның техникалық шарттарының жоқтығына байланысты Алматы қаласының қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы сәулет-жоспарлау тапсырмасын (бұдан әрі — СЖТ) беруден бас тартқан.
Осыған байланысты прокуратура құжаттарды рәсімдеуге әдістемелік көмек көрсетіп, арызды уәкілетті органдарда қарауына сүйемелдеуді қамтамасыз етті.
Нәтижесінде инвестор СЖТ алып, инвестициялық жобаны іске асыруын жалғастыруда. Алматы қаласының прокуратурасы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript