Қазақстанда доллар бағамы 3 теңгеге өсті

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2024 16:07 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 22 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы алдыңғы сессиямен салыстырғанда бірден 2,48 теңгеге көтеріліп, 479,08 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы 0,51 тармаққа өсіп, 67,07 теңгені құрады.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 478,5-480,12 теңгеге, еуро 529,8-534,2 теңгеге, ресей рублі 5,19-5,29 теңгеге сатылуда.

Бұл ретте 22 тамызда әлемде мұнай бағасының төмендеуі жалғасты.

Сауда деректеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне $76,01 құрайды, бұл алдыңғы сауданың жабылуындағы көрсеткіштен 4 центке (0,05%) төмен.

WTI мұнай фьючерстері 0,14 долларға (0,19%) арзандап, барреліне 71,79 долларды құрады.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 475,7 теңге, еуроны 529,12 теңге, рубльді 5,18 теңге деп белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: