Каспий толқынын бағындырмақ болған екі ер адам бір қатерден аман қалды

Каспий толқындырын бағындырмақ болған екі ер адам бір қатерден аман қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2024 10:06 Сурет: pixabay
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Маңғыстау облысында қараңғы кезде жігіттер жергілікті толқындарды бағындыруға шыққан, бірақ екпіні күшті желдің салдарынан өз бетінше жағаға жете алмаған. Оқиға Каспий теңізі жағалауынан 8 шақырым қашықтыққа болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Куәгерлер олардың көмекке мұқтаж екенін көріп, құтқарушыларға хабар берген.

Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 1993 және 1994 жылы туған ер адамдарды тауып, жағаға жеткізді.


Олардың жағдайы тұрақты, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

Ведомство тұрғындарға ескерту жасады:

  • суқоймаға жел соғып тұрған кезде шықпаңыздар;
  • SUP бордқа мінген кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию керек.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: