Жаңалықтар тізбегі
0

ҚР Цифрлық даму министрі Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Павел Дуров, Жаслан Мәдиев, пікір білдірді, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2024 15:37 Сурет: Facebook/Zhaslan Madiyev
ҚР Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Парижде Павел Дуровтың ұсталуына қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен Павел Дуровқа және Telegram командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдауымды білдіргім келеді. Сенбі күні Павелдің француз билігімен контент модерациясының жоқтығы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін ұсталғаны хабарланды", деп жазды министр желіде.

Сондай-ақ ол ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан Telegram командасымен өзара әрекеттесудің оң тәжірибесі қалыптасқанын баса атап өтеді.

"Біз дербес деректердің таралуын, есірткі трафигімен күрес және мессенджердегі басқа да заңсыз әрекеттерді тоқтату бойынша мәселелерді бірнеше рет сәтті әрі жедел шештік. Telegram командасы әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайын, құпиялылық пен сөз бостандығын қорғау қағидаттарына адал болып келеді. Қазақстанда Telegram – ең танымал мессенджер, оны 12 миллионнан астам адам пайдаланады, бұл оның қоғамымыз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді". Жаслан Мәдиев

Сондай-ақ ол өзінің цифрлық кеңістікте қауіпсіздік пен еркіндік арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын түсінетінін және Telegram-мен конструктивті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін айтады. 

"Сонымен қатар, Павел Дуров Қазақстанға өткен сапарында қазақстандық ауыл балаларына қолдау көрсетуге бағытталған "IQanat" жобасының қамқоршыларының бірі болып, 365 000 доллар сомасына 12 грант бөлді. Ол тек қаржы бөлумен шектелмей, оқу процесін зерттеуге, балаларды іріктеуге, олардың өмірбаяны мен мектептегі үлгерімін зерделеуге тікелей қатысты. Мен Павелдің командасына балалардың дамуына шын көңілмен қызығушылық танытып, жанашырлық танытқаны үшін ризамын. Аталған жағдайдың тезірек шешілуіне үміттенеміз", деп түйіндепті өз жазбасын ҚР Цифрлық даму министрі.

Айта кетсек, 25 тамызда Telegram мессенджерінің егесі, 39 жастағы миллиардер Павел Дуров Париж әуежайында ұсталды. Француздық БАҚ оның Парижге не үшін барғанын жазды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: