28 тамыздағы саудада доллар қайта көтерілді

Доллары, деньги, обмен валют, обменник , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.08.2024 16:16 Сурет: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2024 жылғы 28 тамызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,70 теңгеге көтеріліп, 481,22 теңгені құрады.

Қытай юанінің бағамы 0,11 тармаққа төмендеп, 67,48 теңгені құрады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 480,7-482,9 теңгеге, еуро 534,5-539 теңгеге, ресей рублі 5,15-5,27 теңгеге сатылуда.

Ал 28 тамыздағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 8 центке қымбаттап, 79,63 долларды құрады.

АҚШ-тың West Texas Intermediate мұнай фьючерстері 7 центке көтеріліп, барреліне 75,60 долларды құрады.

28 тамыз күні таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 480,59 теңге, еуроны 536,58 теңге, рубльді 5,26 теңге деп бекітті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: