Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Алмалы ауданында салық түсімі 16% өсті

Алматының Алмалы ауданында салық түсімі 16% өсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2024 10:03 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Алмалы ауданының 4 мыңнан астам тұрғыны жыл басынан бері тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарқынды дамып отырған Алмалы ауданы бірқатар экономикалық көрсеткіш бойынша қалада жетекші орын алады. Мұны Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді.

Кездесуді ашқан қала басшысы тұрғындарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтап, елдің Негізгі заңы әрбір қазақстандық үшін маңызды екенін атап, зор денсаулық пен амандық тіледі.

Шаһар басшысы атап өткендей, жыл басынан бері жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 5,3% өсіп, 59 669-ға жетті, бұл 4 мыңнан астам тұрғынды тұрақты жұмыс орынмен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 123,6 млрд теңге болып, салық түсімі жыл басынан бері 16% өсіп, 225 млрд теңгеге жетті. Инвестиция көлемі 5% өсіп, 139,4 млрд теңге болды.

Аудан бюджеті 2024 жылы 12,3 млрд теңгеге артты. 2024 жылы маусымда бюджет тағы 16% ұлғайтылып, 24,7 млрд теңгеге жетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: