Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Бостандық ауданында 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Алматының Бостандық ауданында жаңа кәсіпкерлік нысандарында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 09:43 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматының Бостандық ауданында жаңа кәсіпкерлік нысандарында 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кезекті кездесуінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны туралы баяндады.

Аудан қалада инвестиция тарту бойынша көш бастап тұр. Биылғы жылдың 7 айында 150 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.

Жыл басынан бері шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 8%-ға өсіп, 64 717-ге жетті. Бұл 5 мыңнан астам тұрғынды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етті. Салық түсімі 34%-ға өсіп, 320 млрд теңгеге жетті.

Әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге аудан бюджеті маусым айында 32%-ға ұлғайып, 29,1 млрд теңге болды. Қаражат инженерлік желілерді жаңғыртуға, көлік жүйесін дамытуға және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға бағытталған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: