Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Бостандық ауданында 120 аула жөнделуде

Алматының Бостандық ауданында 50 мыңнан астам адам тұратын аула аумағы жөнделеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 11:04 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Алматының Бостандық ауданындағы 70 аулаға жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Ерболат Досаев аула аумақтарын жаңғырту қарқыны туралы хабарлады. Ауданда қосымша бөлінген 400 млн теңгеге 70 аулаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар 30 мың тұрғынды қамти отырып, қараша айының соңына дейін аяқталады.

Сонымен қатар, соңғы рет 2017-2018 жылдары абаттандырылған 50 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жайлы қалалық ортаны дамыту аясында қазан айында Абай және Гагарин даңғылдарының қиылысында ауданы 1 га учаскені абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Жеке инвестициялар есебінен 98,7 млн теңге сомасында балалар және спорт алаңдары, иттерді серуендетуге арналған аймақ, демалуға арналған орындар орнатылды, көгалдандыру жүргізілді.

Сондай-ақ, Желтоқсан көшесі мен Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесі арасындағы бөлу жолағын абаттандыру жұмыстары аяқталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: