Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Бостандық ауданының инженерлік инфрақұрылымы қалай дамып жатыр

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту барысы туралы баяндады., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2024 10:40 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу барысында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биыл шілде айында Жароков, Науаи, Тимирязев, Сәтбаев, Марков көшелері мен Алмагүл шағын ауданында 6,3 км су құбырды жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл 80 мыңға жуық аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы жылдың қазан айында Жандосов, Бұқар Жырау, Тимирязев көшелері мен Орбита-2 шағын ауданында тағы 1 км су және кәріз желілерінің жаңғырту жұмыстары аяқталады.

2025 жылдың ІІ тоқсанында Ерменсай шағын ауданын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін жаңа су жинағыштың құрылысы жоспарланып отыр. Сондай-ақ сол кезеңде Нұрлытау шағын ауданында 62 км су және 34 км кәріз желілерін салу басталады. Бұл жобалар Бостандық ауданының оңтүстік бөлігіндегі 25 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, жылыту маусымы басталғанға дейін Қожанов, Серкебаев, Есқараев, Байқадамов, Жандосов, Манас, Байзақов көшелерінде және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аумағында 5,3 км жылу желілерін қайта жаңарту аяқталады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: