Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, 31 тамыз, 1 қыркүйек, 2 қыркүйек, Астана, Алматы, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.08.2024 13:56 Сурет: freepik
"Қазгидромет" РМК мамандары 2024 жылдың 31 тамызы мен 1-2 қыркүйегінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

31 тамыз - аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде солтүстік-батыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, күндізгі екпіні - 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: +8...+10°С, күндіз: +16...+18°С;

1 қыркүйек - аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соққан желдің екпіні - 9-14 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +4...+6°С, күндіз: +11...+13°С;

2 қыркүйек - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +5...+7°С, күндіз: +15...+17°С.

Алматы

31 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +28...+30°С;

1 қыркүйек - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +16...+18°С, күндіз: +28...+30°С;

2 қыркүйек - аспан бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +13...+15°С, күндіз: +16...+18°С.

Шымкент

31 тамыз - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +15...+17°С, күндіз: +30...+32°С;

1 қыркүйек - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, күндізгі екпіні - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +28...+30°С;

2 қыркүйек - аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с, кей тұста - 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: +15...+17°С, күндіз: +25...+27°С.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: