Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының Алатау ауданында жаңа оқу жылына 550 орындық мектеп ашылды

Алматыда Алатау ауданының "Саялы-2" шағын ауданында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік тілде оқытатын мектеп пайдалануға берілді., сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 09:11 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Алатау ауданының "Саялы-2" шағын ауданында қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен мемлекеттік тілде оқытатын мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

№212 мектептің ғимараты жоғары, орта және бастауыш сыныпты оқытатындықтан, жеті бөлек бөліктен тұрады. Мектепте мультимедиялық кабинет, ресурстық орталық, медиатека, оқу, спорт, акт және асхана залдары қарастырылған.

Сондай-ақ зертханасы бар жеке биология және химия кабинеттері бар. Аспаздық, маталарды өңдеу, металл және ағаш өңдеу сияқты бағыттар бойынша еңбекке баулу кабинеттері бар. Аумақта спорт және ойын алаңдары ұйымдастырылған.

Жаңа мектепті пайдалануға беру осы шағын ауданда орналасқан №180 және №204 мектептің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Айта кету керек, ауданда мектеп тапшылығын азайту үшін "Зерделі" шағын ауданында 550 орындық мектеп салынып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: