Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру әдісі өзгереді

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2024 14:28 Сурет: pexels
Елімізде мектепке дейінгі ұйымдарды мемлекет есебінен қаржыландыру әдісі өзгереді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент тапсырмасына сәйкес енді әр балаға бөлінетін қаражат көлемі отбасының нақты табысына байланысты болуы тиіс, деп жазады 24.kz арнасы.

Оқу-ағарту министрлігі бұл бағытта қолдау шараларын пысықтап жатыр. Сонымен қатар қаражатты бірден бөбекжайларға емес, әр баланың дербес шотына аудару бойынша пилоттық жоба енгізілді.

Елде 11 600-ден астам мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Оның жартысынан көбі – жеке мекемелер. Әкімшілік аумақ пен экологиялық жағдайға қарай бөбекжайларға мемлекет есебінен әр бала үшін 53 мыңнан 62 мың теңгеге дейін аударылады. Ал ата-аналар өңір әкімдері бекіткен әлеуметтік азық-түлік жиынтығының ақысын төлеп жүр. Бұдан былай мектепке дейінгі ұйымдарды қаржыландыру тетігі түбегейлі өзгереді. Президент Жолдауында жүктелген жаңа міндеттердің бірі – осы.

"Әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың балалары тегін тамақпен қамтылған. Бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында 97 мыңнан астам осындай бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген. Енді осының жалғасы ретінде әрі қарай көмек қажет ететін отбасылар мемлекеттен көбірек қолдау көретіндей механизммен қайта қарастыру ұсынылған. Сондықтан қазір осы жұмыстар басталып та кетті." Манара Адамова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры

Сондай-ақ Тараз қаласында дербестендірілген қаржыландыру әдісі сыналып жатыр. Пилоттық жоба бойынша мемлекет есебінен берілетін төлем бөбекжайларға емес, әр баланың шотына аударылады.

"Әр баланың ата-анасының балабақшаны таңдау мүмкіндігінің болуы, біріншіден. Екінші – қаражатты баланың есепшотына аудару. Яғни ата-ана екінші деңгейлі банктен есепшот ашады. Сол жерден баланың атына қаражат түседі. Ол қаражатты ешкім пайдалана алмайды, ешқайда жұмсай алмайды. Тек қана таңдаған балабақшаға аудару мүмкін. Яғни мақсатты түрде жұмсалады." Манара Адамова, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры

Пилоттық жоба жыл соңына дейін Шымкент, Түркістан қалаларында да енгізіледі. Оң нәтиже берсе, ел бойынша жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: