Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделі оралды
90 елден келген 350 қатысушының арасында Қазақстанның құрама командасы үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
- Максим Цой — Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы;
- Мансұр Таймас — Атырау облыстық №1 "Білім-Инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
- Назар Серазитдинов — Алматы қаласындағы мектептің 11-сынып оқушысы;
- Ахмет Иса — Қызылорда облыстық "Білім-Инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері: Темірлан Сатылханов — ACM бас бапкері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Айбар Қуанышбай — IITU магистранты, республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.
Бұл жетістікпен қазақстандық оқушылар биылғы жеті беделді халықаралық олимпиадаларға қатысуын қорытындылайды. Біздің құрама командалар IMO (математика), IPhO (физика), IBO (биология), IChO (химия), IOL (лингвистика), IGeO (география) және IOI (информатика) қатысып, нәтижесінде 26 медаль және 1 грамотаға ие болды.
Анықтама үшін: жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы сыйақы беріледі. Алтын медаль жеңіп алған оқушы 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде, күміс медаль үшін – 1000 АЕК, қола медаль үшін – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.