Шымкентте халықтық штаб мүшелері жастармен АЭС артықшылығын талқылады

АЭС, атомная электростанция, производство электроэнергии, атомная промышленность , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.09.2024 09:14 Сурет: pixabay
Халықтық штаб мүшелері Шымкентте жастармен кездесіп, атом электр станциясының артықшылықтарын талқылады.

Шаһардағы жоғары оқу орнының студенттері оларға өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, жауап алды. Себебі, бұл білім ордасының түлектері электр энергетика, машина жасау, физика, химия және өзге де саланың мамандары.

Мәжіліс спикері, "Amanat" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов жастар үнемі жаңа үрдістердің басы-қасында жүретінін және мемлекет дамуының басты қозғаушы күші саналатынын атап өтті, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ, кездесуде Мәжіліс спикері атом энергетикасына қатысты барлық мәселе бойынша жұртшылықты кеңінен хабардар етудің маңызы зор екеніне тоқталды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: