Қазақстандық жанкүйерлер шетелдік қонақтарды таңғалдырды
Ведомство нәтижесінде 10 қап қоқыс жиналғанын айтты.
"Мұндай тазалық акциялары елордада тұратын әрі қаланың тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындар үшін игі дәстүрге айналды.Көрермендер арасында шетелдік қонақтар да болды, олар жанкүйерлердің белсенділігіне және олардың саналы көзқарасына таң қалды. Тазалық акциясына "Астана Жастары" КММ белсенділері, еріктілер, сол сияқты жанкүйерлер де қосылды",- деп хабарлады әкімдік.
Сондай-ақ, Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы "Астана жастары" жастар ресурстық орталығымен бірлесіп, "Көшпенділер әлемі" этноауылының аумағында елорда қонақтары мен тұрғындары үшін бауырсақ тарату акциясын ұйымдастырды.
Барлығы 100 келіден астам бауырсақ таратылды.
Астанада "Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі" ауқымды экоакциясы өтіп жатыр.
Сонымен қатар, елордада жаңадан Taza Astana әлеуметтік жобасы іске қосылды. Жоба құқықтық тәртіп, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау, көппәтерлі тұрғын үйлердің, үй жанындағы, кварталішілік және аула аумақтарының тазалығы мәселелері бойынша жүйелі жұмыс жүргізуге бағытталған.
12 қыркүйекте Астанада ақтық көкпар жарысы өтіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасынан жеңісті жұлып алды.