Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, оружие, пистолет, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2024 12:23 Фото: Zakon.kz
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері ірі есірткі алқабын жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараз қаласында құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді егіп, өсіру және есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау күдігі бойынша 36 жастағы тұрғын ұсталды.

15 қарасора бұтасы бар плантацияны полиция қызметкерлері ҰҚКД-мен "Қарасора – 2024" іс- шарасын бірлесіп жүргізу аясында анықтап, жойды.

Ұсталған азамат өз ауласында өсіріп, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді көп суарып, жақсы күтімге алған. Сондай-ақ күдікті тұратын үйдің аумағындағы сарайдан тыйым салынған заттар қойылған жасырын орындар табылды.

"Кептірілмеген марихуананың жалпы салмағы – 39 келі 670 грамм. Күдікті азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сондай-ақ осы іске қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр. Құрамында есірткі бар өсімдіктерді жинауға, өсіруге және сатуға байланысты қылмыстардың жолын кесу бойынша "Қарасора" арнайы операциясы олардың белсенді өсуінің барлық кезеңінде, яғни маусым айынан қазан айының соңына дейін жүргізілетін болады", – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: