Қызылорда облысында тағы да ірі есірткі алқабы жойылды
Оқиға орнында 46-51 жас аралығындағы үш күдікті ұсталды. Оқиға орнын тексеру барысында жедел-тергеу тобы биіктігі 10 см болатын құрамында есірткі бар өсімдіктердің 2187 түбін анықтады.
Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек ұсталғандардың жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: насос, палатка, мотор, шланга, күрек, кетпен тәркіледі.
Күдіктілер тамшылатып суару технологиясын қолданған. Үш күдікті де Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігінің 1,3-тармақтарына (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.