Алаяқтық жасағаны үшін 12 жыл жасырынған күдікті ұсталды
Фото: pexels
2024 жылғы 17 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Алматы қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері алаяқтықтың 13 эпизодын жасаған Р. азаматшасын ұстады.
2012ж. маусым айында күдікті Көкшетау қаласында мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға көмек көрсету сылтауымен алдау және сенімін асыра пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде ақша қаражатын заңсыз иемденген.
"12 жыл бойы күдікті басқа атпен жасырынып, жалған құжаттарды қолданды." Ақмола облысының прокуратурасы
Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.
Жасалған қылмыс үшін күдіктіге мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript