Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Фото: pexels
2024 жылғы 18 қыркүйекте Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген "А" азаматын ұстады.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қ. мен Ақмол а. тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн. теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген.
"Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды." Ақмола облысының прокуратурасы
Күдікті мүлкі тәркіленіп, он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript