Астана, Алматы, Шымкент: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы болжамы, Астана, Алматы, Шымкент, 20 қыркүйек, 21 қыркүйек, 22 қыркүйек, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.09.2024 17:58 Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Астана, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарына қатысты жақсы жаңалығымен бөлісті. Қысқа мерзімді жаңбырға қарамастан, алдағы үш күнде, яғни 20, 21 және 22 қыркүйекте еліміздің ең ірі қалаларында күн ашық әрі жылы болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

20 қыркүйек: аспан бұлтты, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауады. Соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: +5...+7°C , күндіз: +16...+18°C.

21 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Аздап жел соғады. Ауа температурасы түнде: +4...+6°C , күндіз: +20...+22°C.

22 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +7...+9°C , күндіз: +20...+22°C.

Алматы

20 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Аздап жел соғады. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C , күндіз: +23...+25°C.

21 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C , күндіз: +23...+25°C.

22 қыркүйек: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Соққан желдің жылдамдығы секундына 13 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: +14...+16°C , күндіз: +25...+27°C.

Шымкент

20 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Соққан желдің жылдамдығы секундына 10 метрге дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде: +13...+15°C , күндіз: +25...+27°C.

21 қыркүйек: аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде: +12...+14°C , күндіз: +26...+28°C.

22 қыркүйек: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +15...+17°C , күндіз: +26...+28°C.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: