Автокөлік бөлшегін ұрлап кеткен екі астаналық оқушы анықталды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, машина полиции , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 16:53 Фото: Zakon.kz
Астанада өзгенің көлгінен автокөлік бөлшегін ұрлап кеткен екі оқушы анықталды.

Полицияға Renault автокөлігінің иесі жүгініп, 150 мың теңгеге сатып алған автокөлік бөлшегінің ұрланғаны туралы хабарлады.

Жәбірленуші айтқандай, ол автокөліктің бөлшегін үйінің ауласында қалдырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа 15 және 14 жастағы екі жасөспірімнің қатысы барын анықтады. Кәмелетке толмағандар автобөлшекті алып, оны металл қабылдау орнына өткізген.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар ұрлық жасағанын мойындады, олардың бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, заттай дәлелдеме тәркіленді және иесіне қайтарылды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ өз үйлерін сенімді құлыптармен жабдықтауды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: