Жаңалықтар тізбегі
0

Ипотекалық несиелеу саласында алаяқтық ашылды

Тенге, ипотека, аренда жилья, покупка квартиры, дома, деньги, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2024 16:50 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қала тұрғыны өзін банк қызметкерімін деп таныстырып "Отбасы банк" АҚ арқылы бастапқы жарнасыз ипотекалық тұрғын үй сатып алуға көмектесу мүмкіндігі бар екені туралы ақпарат таратқан.

Мысалы, құқықбұзушы танысына банктен аукционда сатылатын тыйым салынған үш бөлмелі пәтерді ипотекаға сатып алуды ұсынған.

Аукционға қатысу үшін 630 мың теңге сұраған.

Біраз уақыттан кейін ипотека рәсімдеу үшін шот ашып, 11 млн теңге көлемінде ақша қаражатын салу қажеттігін хабарлаған.

Осыған ұқсас сылтаулармен өзінің танысын алдап, сенімін теріс пайдалана отырып, жалпы сомасы 14 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен иемденген. Астана қаласының прокуратурасы

Оның қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде 22 жәбірленушіге 55 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген.

Кінәлі тұлға 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жәбірленушілердің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарды тек уәкілетті ұйымдарға жүгінуге шақырады және алаяқтық жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп 10 жылға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: