Астанада жалған шебер ноутбук жөндеймін деп әйелді алдап кетті

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, оружие, пистолет, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.10.2024 16:18 Фото: Zakon.kz
Полицияға қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен жүгінген. Әйел бір айдан астам уақыт бұрын өзіне тиесілі ноутбукты компьютерлік техниканы жөндеушіге тапсырғанын және қызметі үшін алдын ала төлем жасағанын түсіндірген.

Өтініш беруші ноутбукты жөндеуге тапсырған күннен бастап бірнеше күн өткен соң, жәбірленушінің көптеген қоңырауларына шебер жауап бермеген соң алаңдай бастаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу шеңберінде Сарыарқа ауданының криминалдық полиция қызметкерлері 26 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ол компьютерлік техниканы жөндеу сылтауымен алаяқтық жолмен және клиенттің сенімін пайдаланып, ақшалай қаражатты иемденді.

Осылайша, материалдық шығын келтірді. Жас жігіт мойындау көрсетпелерін берді. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарына өздерін алаяқтардан қорғауды және жалған шеберлерге жөндеу үшін техниканы белгісіз немесе жалған мекенжайға апармауға кеңес береді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: