Зергердің алаяқтығы: Қарағандыда полиция 30 азаматты алдаған күдіктіні ұстады

Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен шағымданды. Әйел арызында алтын бұйымдарын тазалауға және үзілген жерін жалғап беруге зергерге тапсырғанын жазды., сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2025 13:56 Сурет: ҚР ІІМ
Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қаланың 43 жастағы тұрғыны арызбен шағымданды. Әйел арызында алтын бұйымдарын тазалауға және үзілген жерін жалғап беруге зергерге тапсырғанын жазды.

Бұл жұмыстар үшін зергер жәбірленушіге қосымша уақыт қажеттігін айтқан. Сөйтіп, азаматша алтындарын сол жерге қалдырып кеткен.

Алайда келісілген уақытта алтын бұйымдардың иесі әшекейлерін алып кетуге барғанда, зергер үлгермегенін айтып, тағы да қосымша уақыт сұраған.

Арада үш ай өткен соң зергердің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға арызданды. Оған келтірілген шығын көлемі 854 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері 45 жастағы зергерді анықтады. Күдікті азамат ақшадан қысылғанын айтып, жәбірленушінің алтын бұйымдарын ломбардқа өткізіп жібергенін түсіндіріп, кепілдік билетін көрсетті.

Тәртіп сақшылары кепілдік билетімен ломбардқа алтын бұйымдарды өткізуге келгенде күтпеген жағдайға тап болды. Белгілі болғандай, зергер бұл ломбардқа жалпы құны 10 млн теңгеден астам ақшаға 64 алтын бұйым өткізгенін анықтады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: