Астанаға отыз бір елден мәнерлеп сырғанаушылар жиналады
Сурет: pixabay
3-5 қазан аралығында "Барыс Арена" спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан "Denis Ten Memorial Challenge 2024" V Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Турнирге 31 елден 120-ға жуық спортшы қатысады, олардың арасында Диас Жиренбаев (Қазақстан), Даниэль Грассль (Италия), Анастасия Губанова (Грузия), Старр Эндрюс (АҚШ), Алекса Ракич (Канада), Йе Куан және Ханна Лим (Оңтүстік Корея) және басқалары бар.
Жарыс ересектер мен жасөспірімдер арасында екі санатта өтеді – жеке конькимен сырғанау және мұз биі.
3 және 4 қазан күндері сағат 11.00-ден 20.00-ге дейін көрерменге кіру тегін. 5 қазан күні сағат 19.30-да марапаттау рәсімі мен гала-шоу өтеді. Гала-шоуға кіру билеттер бойынша жүргізіледі.
Рарыстың кестесі ұйымдастырушының, яғни "Денис Тен қоры" қоғамдық қорының @denistenfoundation ресми парақшасында жарияланады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript