Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда полиция экипажы көлік жүргізушіcінің өмірін сақтап қалды

Алматыда полиция экипажы көлік жүргізушіcінің өмірін сақтап қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2024 15:36 Сурет: ҚР ІІМ
Оқиға 1 қазан күні Алматы қаласы Түрксіб ауданындағы айыппұл тұрағы аумағында тіркелді. 33 жастағы ер адам алдымен көлігін, сосын өзін өртеп жіберген.

Сағат 13:10-да мамандандырылған патрульдік полиция батальонының экипажы Subaru көлігін тоқтатты.

Көлік иесінің 1,300 млн теңге көлемінде төленбеген айыппұлы болған. Тексеру кезінде жүргізушінің міндетті сақтандыру полисі болмаған.

Белгіленген ережелерге сәйкес, көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылуы тиіс, жүргізуші біраз уақыттан кейін осында қайтып келген.

Жүргізуші көліктің ішінде отырып, көлік құралына сосын өзіне бензин шашып, жағып жіберді. Полиция қызметкерлері ер адамды құтқару үшін жедел шаралар қабылдады.

"Өрт сөндіргішпен және қолда бар құралдармен өртті сөндірді. Жүргізуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Көлікті сөндіруге полиция қызметкерлері мен оқиғаның куәгерлері қатысты", – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: