Алаяқтардан қалай сақтанамыз: полиция кеңесі
Фото: unsplash
Алматы полициясы алаяқтардан сақтану жолдарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматылық "Киберпол" интернет-алаяқтардың торына түсіп қалмау жөнінде маңызды ұсыныстарды айтты.
Сақтық шаралары:
- банктер мен ұялы байланыс операторларынан телефоныңызға келетін SMS-кодтарды ешкімге айтпаңыз;
- жеке деректеріңізді, банктік шотыңыз бен картаңыз туралы ақпаратты ешкімге жібермеңіз және жария етпеңіз;
- банк карталарыңызды үшінші адамдарға пайдалануға бермеңіз және белгісіз адамдардан сіздің атыңызға ақша аударымдарын қабылдамаңыз;
- өнімді сатып алмас бұрын немесе онлайн қызмет алу алдында интернет-дүкендердің рейтингтері мен пікірлерін тексеріңіз.
Құқық қорғау органдары мен банктер сізден телефон арқылы ешқашан транзакция жасауды немесе жеке ақпаратыңызды сұрамайды.
Алматы полициясы "Egov" қосымшасында несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш беруге кеңес береді. Ол үшін "eGov mobile" мобильді қосымшасында немесе "eGov.kz" порталында өтініш беру қажет. Мобильді қосымшада бұл қызмет негізгі бетте, "Танымал қызметтер" бөлімінде қолжетімді. Ұқсас қызметті "eGov.kz" порталының "Азаматтар" – "Кеден және салықтар" – "Экономика және қаржы бөлімінде де алуға болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript