Жаңалықтар тізбегі
0

Екібастұзда синтетика өндірісі бойынша есірткі зертханасы жойылды

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, погоны, машина полиции, оружие, пистолет полицейского, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 10:04 Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрлігі Павлодар облысының Екібастұз қаласында синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы жойды. Оны қаланың екі тұрғыны ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұсталғандардың тұрғылықты жері бойынша тінту іс-шаралары барысында жалпы салмағы бір килограмнан асатын альфа-PvP психотроптық заты, отандық және шетел валютасындағы қаражат, электрондық таразылар, сондай-ақ синтетикалық есірткі өндіруге арналған құрылғылар мен жабдықтар табылды.

Сонымен қатар 120 литрден астам прекурсор тәркіленді. Қаскөйлер есірткіні шағын партияларға бөліп, курьерлердің көмегімен Интернет арқылы сатуды жоспарлаған.

Ұсталғандарға қатысты есірткі зертханасын ұйымдастыру және синтетикалық есірткі өндіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Жыл басынан бері полиция 48 есірткі зертханасын жойды, онда 250 кг қолдануға дайын синтетикалық есірткі, 2,5 тоннадан астам прекурсор және 72 кг-нан астам каннабис түріндегі есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесі саласындағы 11 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды. Заңсыз айналымнан 19 тоннадан астам түрлі есірткі, оның ішінде 5 тоннаға жуық марихуана мен 420 кг синтетикалық есірткі тәркіленді", – деп атап өтті ведомствода.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: