Атырауда қос азаматтығын жасырған тұлға 500 мың теңгеден астам айыппұл төледі
Алайда 2023 жылы Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдап, сол жылы шілде айында Ресей азаматтығын куәландыратын құжаттарын алған.
Анықталған ер адамға ҚР заңнамасында белгіленген мерзімдерде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, іс-құжаттар процессуалдық шешім қабылдау үшін Құрманғазы аудандық сотына жолданды.
Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 140 айлық есептік көрсеткіш, яғни 516 880 теңге көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді. Сонымен қатар аталған дерек негізінде 47-жастағы азаматты Қазақстан азаматтығынан айырып, мәліметтер тиісті ақпараттық жүйелерге енгізілді.
Айта кету керек, жыл басынан бері Атырау облысында Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру туралы 192 дерек тіркелген. Оның ішінде 17 адам қос азаматтығы бар тұлғалар. Сот шешімдерімен 15 тұлғаға айыппұл салынса, 2 тұлға ҚР әкімшілік жолмен шығарылған.
Бұл тұлғаларға Қазақстан аумағына бес жылға дейін кіруге тыйым салынды. Қазақстан заңнамасы бойынша қос азаматтыққа тыйым салынған. Қазақстан азаматтығын алған тұлғалар 30 күн ішінде бұрынғы елінің паспортын тапсыруға міндетті. Бұл талаптар басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдаған Қазақстан азаматтарына да қатысты.