Жаңалықтар тізбегі
0

Атом электр станцияларына қатысты референдумда қазақстандықтардың жартысынан астамы дауыс берді

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2024 жылғы 6 қазандағы сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77%-і бюллетень алды., сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 14:07 Сурет: Референдум бойынша Орталық сайлау комиссиясы
Қазақстанда 6,3 миллионнан астам қазақстандық немесе 51,77 пайызы атом электр стансасын салуға қатысты референдумға дауыс берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның хабарлауынша, сағат 14.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 51,77 пайызы сайлау бюллетендерін алды.

"Сағат 14.00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 6 339 425 азамат бюллетень алды", — деді Сәбила Мұстафина 6 қазанда ОСК-да өткен брифингте.

Оның ішінде:

1. Абай облысы бойынша – 52,99 %

2. Ақмола облысы бойынша – 54,91%

3. Ақтөбе облысы бойынша – 52,85 %

4. Алматы облысы бойынша – 59,32 %

5. Атырау облысы бойынша – 52,91 %

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 50,52 %

7. Жамбыл облысы бойынша – 48,80 %

8. Жетісу облысы бойынша – 55,42 %

9. Қарағанды облысы бойынша – 59,92 %

10. Қостанай облысы бойынша – 61,54 %

11. Қызылорда облысы бойынша – 54,13 %

12. Маңғыстау облысы бойынша – 46,19 %

13. Павлодар облысы бойынша – 49,18%

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 48,00%

15. Түркістан облысы бойынша – 67,38 %

16. Ұлытау облысы бойынша -59,65 %

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 61,73 %

18. Астана қаласы бойынша – 45,19%

19. Алматы қаласы бойынша – 16,91 %

20. Шымкент қаласы бойынша – 64,38 %

"Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 31 – бабы 2 – тармағына сәйкес егер референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың жартысынан көбi дауыс беруге қатысқан болса, референдум өткiзiлген деп саналады.

Келесі жедел ақпарат сағат 16.05-те берілетін болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: