Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент кәсіпкерлері азық-түлікті негізсіз қымбаттатқан

Овощи, магазин, зелень, супермаркет, продукты питания, овощной отдел , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2024 14:28 Фото: Zakon.kz
Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын әдейі қымбаттатқан 400-ден астам кәсіпкердің ісі әшкере болды.

Олар тауар бағасына қосылатын үстемені 15 пайыздан асырып жіберген. Осылайша олар сұйық май мен қантты белгіленген бағадан қымбатқа сатып келіпті.

Бұл жайтты кезекті тексеріс кезінде құзырлы орындар анықтап, заңға бағынбаған кәсіпкерлерге әкімшілік шара қолданды. Олардың іс-әрекетіне байланысты 425 әкімшілік хаттама толтырылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандарының айтуынша, қазіргі таңда шаһардағы "Акбар", "Жібек" және "Барыс" базарларындағы сауда орындары ғана азық-түлікті өзгелерге қарағанда төмен бағамен сатып келеді.

"ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204 бабына сәйкес бірінші тармағында ескерту қарастырылған. Яғни ескерту береміз. Ал бір жылдың ішінде қайталайтын болса әкімшілік жауапкершілікке тартамыз. Айыппұл ретінде." Оспан Әбиев, сауда және тұтынушылар құқығын қорғау Департаменті басшысының орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: