Ақтөбеде демеушілік қаражат есебінен қоғамдық кеңістіктер абаттандырылуда
Ақтөбе қаласының 155 жылдығын мерекелеу аясында бес кәсіпкер ұйым аллеялар мен скверлерді абаттандырып жатыр. Урбанистика орталығы онға жуық эскиз әзірледі.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Олар бойынша саябақ шамдары, орындықтар мен урналар орнатылып, шағын сәулет нысандарын қою және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі
"Біз осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, мұндай қоғамдық кеңістіктер пайдасыз күйде бос жатпауы тиіс, олар біздің тұрғындарымыз үшін жайлы демалыс және қауіпсіз орта функцияларын орындауы тиіс", — деді қала әкімі Азамат Бекет
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кету керек, ақтөбелік кәсіпкерлердің бастамасы бойынша демеушілік қаражатқа қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру жұмыстары Абай аллеясында ("Нұрдәулет" сауда орталығы мен "Көктас" фитнес-орталығы арасында), Әбілқайыр хан даңғылындағы (Сазда шағын ауданы) қоғамдық кеңістікте, Әбілқайыр хан даңғылында (бұрынғы "Томирис" мейрамханасының жанында) жүргізіліп жатыр.
Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі