Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы музейлері Мажарстанда көрме ұйымдастырды

 Алматы музейлері Мажарстанда көрме ұйымдастырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 09:24 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мажарстан тұрғындары мен туристері "Қазақстан көшпенділері: өткені мен бүгіні" атты көрмеге ерекше ықыласпен баруда. Көрмені Алматы қаласы музейлер бірлестігі мажар қыпшақтарының астанасы – Карцаг қаласында ұйымдастырды.

Еуропалықтар назарына 200-ден астам экспонат ұсынылды, олардың арасында ұлы Абай Құнанбайұлына тиесілі домбыра, XIII ғасырда Алматы аумағында соғылған күміс тиындар (дирхемдер), XIII-XX ғасырлардағы шекелік, алқа, білезік, сырға және жүзіктер сынды дизайны оюлармен әсемделген әрі күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, жүннен тоқылған кілемдер, ат әбзелдері, музыкалық аспаптар және қазақ халқының тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері жайында сыр шертетін тұрмыстық заттар бар.

Айта кетерлігі, қазіргі уақытта Мажарстан аумағында Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары тұрады, сондықтан бұл мәдени іс-шара жергілікті халық арасында үлкен қызығушылық тудырды. Көрмеге келген Карцаг қаласының тұрғындарының бірі – Шандор Бене өз әсерімен бөлісті.

"Бүгін біз көптеген экспонатты көрдік, олар екі ел арасындағы терең байланысты айқындайды. Бұл көрмені әкелгендеріңізге өте қуаныштымын, өйткені ол ортақ дәстүрлерімізді, құндылықтарымызды және мәдениетімізді көрсетеді. Әсіресе жастар қазақтар мен мажарлардың бауырлас халықтар екенін білетін болады. Бізде Карцаг қаласында ат спорты үйірмелері бар. Балаларды арнайы сол дәстүрлерді қайта жаңғырту үшін береміз. Енді осы көрменің арқасында біз жастарға тарихымызды айтып қана қоймай, ата-бабаларымызды байланыстырған өмір салтын көрсете аламыз", – деді Карцаг қаласының тұрғыны Шандор Бене.

Көрме 20 қарашаға дейін жалғасады. Ол екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлігінде қазақ халқының дәстүрі, салты, әдет-ғұрыптары, сәндік-қолданбалы өнері мен ұлттық музыкалық аспаптары көрсетілген экспонаттар ұсынылса, екінші бөлімде Алматы қаласының сұлу табиғаты мен заманауи келбетін бейнелейтін фотосуреттер қойылған. Көрмені жергілікті халықпен қоса Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Карцаг қаласының мэрі Тибор Сепеши және елге ресми сапармен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов тамашалады.

 Алматы музейлері Мажарстанда көрме ұйымдастырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 09:24

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетсек, бұған дейін Алматы қаласы музейлер бірлестігі халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту аясында Алматы әкімдігінің қолдауымен Аустрияда, Италияда, Түркияда, Оңтүстік Кореяда көрме өткізіп, Франциядағы Луврда кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында оқу оқыған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: