Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға кімнің құқығы бар
![Военная спецтехника, военные, солдаты, вооруженные силы , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2024 09:53](https://www.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-07-03/file-47cab5aa-134f-4bd6-a880-5a61de30bbea/400x225.webp)
Үкімет 2024 жылғы 4 қазандағы қаулысымен қару мен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізімін кеңейтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесіне жаңасы қосылды:
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен әскери бөлімдері.
Сондай-ақ тізімге мыналар кіреді:
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі.
- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі.
- ҚР ҰҚК.
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі.
- Қазақстан Республикасының Экономикалық тергеу қызметі.
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
- Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметі.
Қаулы 2024 жылғы 19 қазанда күшіне енеді.
2025 жылы 900-ден астам запастағы офицер әскер қатарына шақырылады деп жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript