Алматыда зейнеткер күйеуін өртеп жіберді
Сурет: Zakon.kz
Жақында Қазнетте күйеуіне керосин шашып, өртеп жіберген зейнеткер туралы ақпарат пайда болды. Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі әйелдің ұсталғанын түсіндірді. Ер адам алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сондай-ақ, тілшінің сауалына полиция Медеу аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.
"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды". Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі
Оқиғаның басқа мән-жайлары анықталуда.
Осыдан бірнеше күн бұрын тағы бір қайғылы оқиға тіркелді. Артынша интернетте Алматыда Ресей азаматының айуандықпен өлтірілгені туралы ақпарат пайда болды. Ақпараттық бюллетень авторының айтуынша, қаладағы пәтерлердің бірінен ер адамның бөлшектелген денесі табылған. Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript