Қызылорда облысында киберполицейлер бес адамды алдаған интернет-алаяқты анықтады

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2024 13:44 Фото: pexels
Қызылорда облысының полиция департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізілген жедел шара барысында жалған жиһаз сатушыны анықтады.

Бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті өзге облыстың 30 жастағы тұрғыны болып шықты.

Күдікті тұлға әлеуметтік желіде ашқан парақшасына жиһаздың суреттерін жариялап, бағасын ел қызығатындай арзан етіп көрсеткен.

Ұсталған азамат Қызылорда қаласының төрт тұрғынын және Шымкент қаласының бір тұрғынын алдап, жалпы 1 млн теңгені қалтаға басқан. Күдікті ұйқамаққа алынды.

Тергеу барысында жәбірленушілерге келген материалдық залал толығымен өтеліп, қылмыстық іс негізінен қарау үшін сотқа жолданды. "Киберпол" қызметі азаматтарға барынша сақ болуды ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: