Киберполицейлер шетелдік дропперді құрықтады

Полиция, погоны, полицейский, сотрудник полиция, уголовное дело, заявление в полицию , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2025 10:39 Фото: polisia.kz
Жамбыл облысы полиция департаментінің киберқылмысқа қарсы күрес қызметі облыстық прокуратурамен бірлесіп, 33 жастағы Ресей Федерациясының азаматын ұстады.

Ол Алматы қаласындағы сауда орталықтарында жәбірленушілердің банк шоттарынан ақша ұрлауға бағытталған алаяқтық схемаға қатысы бар деген күдікке ілінді.

Тараз қаласының полиция басқармасына зейнеткер әйел шағымданып, белгісіз біреудің алдау жолымен оның 13,2 млн теңге қаражатын иемденіп алғанын мәлімдеген.

Қылмыскер интернет-ресурстарды пайдаланып, зейнеткердің банк шотына қатысты алаяқтық әрекеттер жасаған.

Күдікті Қазақстан аумағынан шығып кетпек болған кезінде құрықталды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігіне (алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі таңда тергеу шаралары жүргізіліп, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: