Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде 250 мыңға жуық бала балабақшаға кезекте тұр

Детский сад, детский садик, дети, ребенок, детсад, няни, няня, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2024 14:12 Фото: pixabay
Елде 250 мыңға жуық бала балабақша кезегінде тұр. Оның ішінде 2-5 жас аралығындағы бала саны 107 мың.

Арнайы брифинг өткізген сала министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл мәселе көп ұзамай шешіледі. 2027 жылға дейін жаңадан 300 мың орындық балабақша ашылады. Кадр тапшылығы проблемасы да күн тәртібінде.

Биыл "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру педагогикасы" мамандығы бойынша 39 университетке 1 200 грант бөлінген. Сонымен бірге бұл жұмысқа 119 колледж үлес қосады, деп жазады qazaqstan.tv.

Министрлік өкілі Астана, Алматы қалалары мен Қызылорда, Атырау, Қарағанды облысында педагог жетіспейтінін айтты. Кәсібилік те басты назарда.

"Бұдан екі жыл бұрын өзінің кәсіби білімі бар мамандар, тәрибешілер егер де мектепке дейінгі ұйымдарда елу үш пайызды құраған болса, бүгінгі күні дәл қазір жетпіс тоғыз пайызды құрайды. Осыған қарап осы екі жылдың ішінде қандай өсім болғанын көріп отырсыз. Жыл соңына дейін сексен бір пайызға жеткізу көзделіп отыр." Манара Адамова, Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: