Соғыстан қашқан 60 мыңдай ливандық Сирияны паналады
Фото: Министерство обороны РК
Израильдің әуе шабуылдарынан үрейленген мыңдаған ливандық соғыс жүріп жатқан Сириядан пана тапты.
Екі ел арасындағы "Джусия" атты ресми шекара пункті арқылы 60 мыңнан астам ливандық өткен. Кусейр қаласында оларға арнап екі босқындар орталығы ашылды.
Ливандардың айтуынша, Израиль әскері бейбіт тұрғындар орналасқан аудандарды бомбалап жатыр. Сирияда да соғыс жүріп жатқанынымен олар көрші елге кетуді қауіпсіз деп тапқан. Ал Израиль Ливандағы "Хезболла" тобына қарсы шабуылын үдете түскен, деп жазады qazaqstan.tv.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, былтыр қазан айынан бері Израиль әскерінің әуе соққыларынан 2 мыңнан астам ливандық қаза тапқан. Ал жараланғандар саны 10 мыңнан асты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript