Жаңалықтар тізбегі
0

Жезқазған қаласының Полиция басқармасында Рүстем Қайдаровтың жұбайы Аймeн Жексенбайқызымен кездесу өтті

Полиция басқармасының басшысы Асхат Дүйсембеков меймандарды қарсы алып, көзі тірісінде аты аңызға айналған генерал Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың есімін атап, оның ішкі істер органдары тарихында атқарған қызметіне тоқталды., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 15:48 Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті
Полиция басқармасының басшысы Асхат Дүйсембеков меймандарды қарсы алып, көзі тірісінде аты аңызға айналған генерал Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың есімін атап, оның ішкі істер органдары тарихында атқарған қызметіне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рүстем Есімханұлы Қайдаров – Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары тарихындағы ерекше тұлға. Оның өнегелі өміріне қарап, жастарға үлгі боларлық бағыт беретін жәдігерлер мен фотосуреттер бүгінде маңызды.

Аймен Жексенбайқызы кездесуде Рүстем Есімханұлының даңқты жолын, көздеген мақсаттары мен қоғамға қосқан үлесін кеңінен баяндады.

Рүстем Қайдаровты еске елу шарасы өтті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 15:48

Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті

Аймен Жексенбайқызы Полиция басқармасының музейіне 1988 жылы Жезқазған қаласында өткен маңызды бір жиында түскен ерекше фотосуретті табыстады. Бұл тарихи сурет музейде сақталып, келушілердің назарына ұсынылатын болады.

"Рүстем Есімханұлының даңқты жолы – біз үшін үлгі. Қазақстан Респбуликасының Ішкі істер органдарында қарапайым қызметкерден бастап ішкі істер министрінің бірінші орынбасарына дейін көтеріліп, артына үлкен мектеп қалыптастырған, дарабоз тұлға, білікті басшы деп танимыз. Біз үшін осындай азаматтың Жезқазған ішкі істер органдарында да ерекше із қалдырғаны зор мақтаныш, мерейлі мәртебе",- деді Асхат Дүйсембеков.
Рүстем Қайдаровты еске алу шарасы өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.10.2024 15:48

Сурет: Ұлытау облысының полиция департаменті

Еске сала кетейік, Рүстем Есімханұлы 1996 жылы БҰҰ Комиссиясының 39-сессиясында есірткімен күрес мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі делегациясының басшысы болды. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы біріккен ақпараттық кеңістік құру туралы" Жарлығы авторларының бірі.

Құқық тәртібі мен заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі халықаралық және үкіметтік комиссия жұмыстарының белсенді мүшесі.

20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы. 1999 жылдан "Қорғау" зейнетақы жинақтау қоры" акционерлік қоғамының президенті, "Генералдар кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ресей Жаратылыстану ғылыми академиясының корреспондент мүшесі, Халықаралық ақпараттану академиясының және Дүниежүзілік ақпараттық парламенттің академигі сынды мәртебелерімен қоғамда үлкен беделге ие болған тарихи тұлға.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: