Қазақстанда онлайн-казино ойыншыларына несие беру шектелді
Фото: pexels
Елімізде онлайн-казино пайдасына төлем жасайтын ойыншылар үшін несие беру шектелді, деп хабарлайды Zakon.kz.
16 қазанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов атап өткендей, құмар ойындарға тартылған ойыншыларға борыштық жүктеме коэффициенті (КДН) қатаңдатылды.
"Қарапайым қарыз алушылар үшін КДН 50%-ды құрайды, яғни несие бойынша ай сайынғы төлем сіздің табысыңыздың 50% -нан аспауы тиіс. Интернет-казино пайдасына төлем жасайтын қарыз алушылардың санатына қатысты біз 25% мөлшерінде КДН жасадық, яғни мұндай тұлғалардың банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредиттер алу мүмкіндігін айтарлықтай қатаңдаттық", – деді Олжас Қизатов.
Сондай-ақ, ол ойыншылардың банктердің ақпараттық жүйелері арқылы анықталатынын айтты.
Бұған дейін құмар ойындарына қатысудан қалай бас тартуға болатындығы хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript